VI ZhasCamp Kazakhstan

Жастар [бей] конференциясы

​Пост-релиз: ZhasCamp Kostanay

28.08.2017

25-26 тамызда Қостанай инженер-экономикалық университетінде ZhasCamp [бей] конференциясы өтті.

Алаңда 78 жас мамандар жиналды, олардың 22-сі Талдықорған, Алматы, Семей, Петропавл, Орал, Ақтөбе, Рудный және Щучинск қалаларынан, Жетіқара, Қарабалық кенттерінен, Қостанай облысынан келді.

Шараның бағдарламасында 9 сарапшылар мен қонақтар сөз сөйледі: Адам құқығы бюросының филиал жетекшісі Махаббат Ахметбекова «Адам құқықтары: кім, не және кімге тиісті» атты интерактивті сессия өткізді, онда аудитория әрбір құқық қалай іске асатынын бейнеледі; ҚИнЭУ экономикалық факультетінің декан орынбасары Светлана Лилимберг пен факультет студенті Дамир Минайдаров әлеуметтік кәсіпкерлік және қалада осы сияқты ондаған жоба жасаған ЖОО-ның стартап-қоғамдастығы туралы айтып берді; «Наша газета» экс-редакторы Нұргелді Дүйсенов аудиторияға мультимедиялық трендтер мен дата-журналистика туралы баяндады; медиа тәуелсіздігі, мемлекеттік тапсырыс және журналистика этикасы жайлы көп сұрақтар туды. 25 адам «Перекресток» қорының директоры Алексей Куликовтың «Project Management» тренингіне қатысты.

«Біздің аудиториядан алған алғашқы әсер, әрине, керемет. Ашық жас жүректер өмірімізді жақсы жаққа қарай өзгерткісі келеді. Алайда тәжірбие жетіспейтіндігі көрініп тұр. Жобалық идеялар бар, бірақ жастарға кейңн артынан халық еруі үшін көп еңбек ету керек, - деп Алексей Куликов атап өтіп кетті. – Өз уақытын бос сөзге жұмсамай, кішкентай болса да, бүкіл әлемді бақытты етудің қажеті жоқ, нағыз іс жасауын тілеймін. Кішкентай істерден үлкені жасалады, ірі жобалардан өз алаңдарында, қалаларында, кейіннен бүкіл елде өмір жақсарады».

«Адам құқығы жайлы түсінік барлығында дерлік болды, көбі өз ойларын айтты – бұл маған қатты ұнады, – дейді Махаббат Ахметбекова. – Жастардың өз құқықтарын білгені өте маңызды. Егер білім болса, яғни күш бар, сонда заң бұзушылық өте аз кездеседі. Егер біз өз құқықтарымызды білмесек, оны ұстануды белгілі адамдар мен мемлекеттен талап ете алмаймыз. Қатысушыларға көздеріндегі ұшқын өшпеуін тілеймін, және келешекте еліміздің басшылары мен депутаттары ретінде көретінімізге сенемін және олар басқаруды кәсіби тұрғыда жүргізуін тілеймін!»

Сонымен қатар, кэмп бағдарламасында Адам кітапханасы өтті, онда 4 «кітап» сөз сөйледі: арнайы мұқтаждығы бар адам Айсұлу Жұмабаева, суретші Майя Хрущелева, жалғыз баласы бар ана Зарина Агзамова және Қостанай қаласының "АНА ҮЙІ" Әлеуметтік қоры үйлестірушісі Сәуле Есетова.

«Адам кітапханасына қатысқаннан алған ісерім керемет, және, меніңше, сессиялардың бұндай стилі ерекше болып көрінді, - дейді Майя Хрущелова. – Мен суретші болып жұмыс істеймін, алайда өз жолымда көптеген қиындықты бастан кешірдім, дизайн саласын көрдім, ал бір жылдан кейін бәрі қолымнан келді. Мен өз кәсібім мен жиі кездесетін стереотиптар туралы айтып бердім. Аудитория төрт топқа бөлінді, әрбір топ өзінше ерекше болды, түрлі сұрақтар қойылды. Ересек адамдар тұрмыстық сұрақтар қойса, жастарды шығармашылық қызықтырды».

Келесі ZhasCamp Шымкентте 2017 жылдың 9-10 қыркүйегінде өтеді.

Ұйымдастырушы: Қазақстан жастар ақпараттық қызметі.

Бас серіктес: Сорос-Казахстан қоры

Шараны 24 серіктес қолдады. Шара жайлы толығырақ сайттан білуге болады: www.zhascamp.kz. Қосымша ақпарат+7-705-675-25-03, оргкомитет.

Благодарим за поддержку

Ұйымдастырушы

Название

Генеральные партнеры

Фонд Cорос-Казахстан
Название
Название

Партнеры

Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название

Соорганизаторы

Название
Название

Основные партнеры: Места проведения

Название
Название
Название

Медиа-партнеры

Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название

Молодежные организации

Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название

Главные медиа партнеры

Название