Жастар [бей] конференциясы

28 сентября
Петропавловск
29 сентября
Уральск
5 октября
Астана
12 октября
Алматы

Қолдау қолдары: ZhasCamp'15-тың бас серіктестері

26.09.2015

[Бейресми]конференцияның ұйымдастыруына ең үлкен үлес қосқан үш ұйым бар, солардың арқасында конференция алтыншы жылы өтіп жатыр. Олар жыл сайын ZhasCamp–ке гранттар бөлетін және бізге үздік спикерлерді шақыруға, бағдарламаны жасауға көмектесетін біздің бас серіктестеріміз, донорларымыз – халықаралық ұйымдар.

Сорос-Қазақстан Қоры – 2010 жылдан бастап ZhasCamp идеясын құруда қатысқан және де оны ҚЖАҚ пен бірге осы жылдары жүзеге асырып жүргенконференцияның бас серіктесі болып отыр. Сорос-Қазақстан Қоры кэмпті ұйымдастыру үшін жобаға жыл сайынғы 80 пайыздық бюджетті ұсынады және де іс–шараларға жұмсалған шығындарды түгел қолдаған 2014 жылға дейін жалғыз ғана донорымыз болды.

Дәл осы Қордың арқасында мемлекетіміздің барлық қалалардан шыққан жастар жылда жол жүру гранттарды алып, ZhasCamp–ке қатысады.

Сорос-Қазақстан Қоры (СҚҚ) – 1995 жылы «Ашық қоғам» институтымен құрылған үкіметтік емес қайырымдылық қоры.

Қор миссиясы –Қазақстанда ашық қоғам қағидаларын жылжыту.

Сорос-Қазақстан қоры бағдарламалар қызметі аясында келесі мәселелерге қолдау көрсетеді:

- теңдік, әділдік, адам құқықтарын сақтау және заң үстемдігі қағидаларын жылжыту;

- бюджеттің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету;

- толеранттылықты және азаматтық белсенділікті арттыру.

Қазақстанда өз қызметін бастаған уақыттан бері СҚҚ ВИЧ/СПИД індеттерінің алдын алу, шетелде оқуға бағытталған стипендиалық бағдарламалар, дебат, сыни тұрғыдан ойлау бойынша білім беру бағдарламалары, мәдениет пен өнерді қолдау сынды кең ауқымды бағдарламаларды жүзеге асыру үшін шамамен 70 миллионнан астам АҚШ доллары мөлшерінде гранттық қаражат бөлді.

Фридрих Эберт атындағы Қоры – Германияның ең ескі саяси қорлардың бірі. Ол социал-демократияның негізгі құндылықтарына тіреледі, сонымен бірге барлық әлемде еркіндік, ынтымақтастық және әлеуметтік әділеттік саясатын қолдайды.

Қор ортақ бюджетке салым салып, бағдарламада қатысып, 2014 жылдан бастап ZhasCamp–ты қолдап жүр. Былтыр осы ұйымның арқасында ZhasCamp қатысушылардың алдында Германия жастарының әлеуметтік–экономикалық мәселелерді шешетін маманы Осман Илдыз сөз сөйледі.

ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисі Қазақстан астанасында Астанада орналасқан ЕҚЫҰ-ның дала өкілдігі.

Офис қызметінің аясына қаруландыруды бақылауды, шекараны басқаруды, терроризммен және адам, қару-жарақ пен есірткі саудасымен күресуді қоса алғанда қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ экономикалық-экологиялық мәселелер, адам құқықтары мен құқық билігі және БАҚ еркіндігі мәселелері кіреді.

Ұйым сонымен бірге ZhasCamp алаңымен бірге бюджетке салым салып 2014 жылдан бастап қызмет істеп келеді. 2014 жылы Сулейман Демирель атындағы университетінде ZhasCamp ашылуында Офистің басшысы Наталья Зарудна елші ханым алғы сөз сөйледі.

Благодарим за поддержку

Генеральные партнеры

Фонд Cорос-Казахстан
OSCE

Партнеры

Основные партнеры: Места проведения

Медиа-партнеры

Молодежные организации