VI ZhasCamp Kazakhstan

Жастар [бей] конференциясы

ZhasCamp пост-релиз: Шымкент

15.10.2015

10-11 қазанда Шымкенттегі «Сәлем» әлеуметтік қалашығының ғимаратында қоғамдық ынталандыру және жауапты бизнеске арналған алтыншы ZhasCamp 2015 бейресми конференция өтті.

Жаскемп 2015 бейресми конференциясына 130 жас белсенділер қатысты, солардың ішінен отыз қатысушы Қазақстанның барлық аумақтарынан келді. Бағдарламада 15 эксперт сөз алды, үшеуі арнайы Мәскеу мен Санкт-Петербургтан (Ресей), сонымен қатар Бишкектен (Қырғызстан), 5 эксперт Алматы қаласынан келді. 70 адам «Әлеуметтік жобалау» тренингіне қатысып, мақсатты топтардың талаптарын бағалауға үйренді.

Екі күн ішінде Шымкент жастары сегіз тұсаукесер екі блокта тыңдап шықты: «Қоғамдық ынталандыру» және «Жауапты бизнес», бір әлеуметтік «Жастар зерттеуінің» тұсаукесері , Қоғамдық жастар одағы: белсенділік және тиімділік панелді пікір талас». Студенттер, жас мамандар, оқушылар үлкен қызығушылықтарымен зор мәселе шешудегі қатысушылардың мүмкіндіктерін қарастырып, көптеген толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алды. Сонымен қатар, үш спикерді тыңдады, бір тренингтен өтті және өздерінің ойларымен Ашық бағдарламада бөлісті.

Оқиғаның нәтижесінде Қоғамдық жастар одағының жұмысы бойынша нұсқаулар жинақталды, олар альтернативті типтік нұсқауға кірістіріліп, ҚР Білім және Ғылым Министрлігіне жіберіледі. Одан басқа, «Әлеуметтік жобалау» тренингінің жұмыс нәтижесі болып үш әлеуметтік жобаның ойлары табылып отыр, олар 2016 жылы ҚЖАҚ қатысушыларымен бірге іске асырылатын болады.

Бағдарламаның спикері, құқық қорғаушы Евгений Жовтис Шымкенттік жастарды Алматылық жастарымен салыстырды:

  • Мен ешкімді ренжіткім келмейді , бірақ сонда да Шымкент жастарынан қалған әсер позитивті. Алматылық жастар маған тұйықтау, белсенділігі төмендеу, қызығушылығы аздау болып көрінді, - деді эксперт. Ал мұнда, жастар ашық, қызығушылықтары қайда жоғары. Және менің ойымша, геосаясаттық үдерістерді бақылап, сыртқы саясатты жақсы білетін көрінді. Олар сыртта да әлемдегі әр түрлі оқиғаларға байланысты қолайсыз сұрақтар қойды. Мұндағы жігіттер, мен ешкімді ренжіткім келмейді, бұзылмаған, меркантилдік емес, ерке де емес және тұтынушылық жағынан бағытталмаған. Бұл қатты байқалып, көзге түседі. Мұнда сезінушілік пен ашықтық көбірек. Аудиториямен тілдесу оңай және еркін өтеді.

Сонымен қатар Жовтис мырза айтқанындай, «Жастардың бөлігіне ресейлік БАҚ алынған үгіттеуі әсер етіп отыр»

- Мен оларды үнемі күмәндәніп, ақпараттың альтернативті көздерін іздеуге, интернет оған мүмкіншілік беріп отырғанын, - мойындап айтқан болатын.

Әлеуметтік «Сәлем» қалашығының басшысы Арман Кушкимбаевтың айтуынша, бұл іс-шараның маңыздылығы өте зор.

- Осындай конференциялардың арқасында Қазақстанның болашақ көшбасшыларына үлкен әсер етіп, жастардың құндылықтары мен ұстанымдарына іргетасты үлес қосылады», – деп пікір білдірді. Өткен Жаскемп конференциясы «Сәлем» әлеуметтік қалашығының көзқарасымен толығымен сәйкес келеді, «Әлем азаматтары орындарында сияқты іс-әрекет пен оқытылуы бірге өседі», - деп айтып өтті.

Даму бойынша маман А. Абсеметова «Әлеуметтік жобалау» тренингін өткізіп, оқиға «Жастар лагері» атауына әбден лайық екенін айтты.

- Бұл өте сирек кездесетін жастарға арналған мақсатты іс-шаралардың бірі. Мұнда жаңа ой, әсер және идея қажет ететіндер жиналған. Олар өздері келді және олардың шабыт үшін келгендерін, олар алған әсерлерін тыңдау таңқаларлық жағдай болды. Міне, сондықтан да, ZhasCamp - бірегей іс-шара, өзінің шынайылығымен ерекшеленіп, нағыз талап етілген ақпаратты мамандырылып ұсынылғанымен көзге түсті, - деп бапкер атап көрсетті.

Бапкердің айтуынша, қазір конформизм мен қате түсініктен бос алаңды ұсыну қиын.

- Жауап іздеп жүрген жастар үшін бұл өте маңызды шарт. Осы жерде қолайсыз сұрақтар да қоюға, шындықты естуге және шынайы өз-өзімен болуға болады, - деп есептейді ол.

Шымкентте болған ZhasCamp конференциясында бірнеше жарыстар өтті. Жарыстардың серіктестері интернет-дүкен LaModa және Millenium тіл орталығы.

Instagram-дағы «Ерекше ойла, тиімді әрекет жаса!» атты жарыстың жеңімпаздары: Ильяс Кунпеисов, жүлде – Millenium ағылшын тіл мектебінде оқуға 50% жеңілдікті қамтамасыз етеін сертификат; Актолкын Аскарова, жүлде – ZhasCamp серіктесі LaModa интернет-дүкенінен 10000 теңгеге сертификат; Алибек Канлыбаев, жүлде – Millenium ағылшын тіл мектебінде оқуға 50% жеңілдікті қамтамасыз етеін сертификат; Алуа Нуралиева– ZhasCamp серіктесі LaModa интернет-дүкенінен 10000 теңгеге сертификат.

ZhasCamp туралы ВКонтакте сұрақ-жауап сайысында Дастан Аккожа жеңімпаз болып шықты. Ол сыйлық ретінде ZhasCamp серіктесі LaModa интернет-дүкенінен 10000 теңгеге сертификат алды.

Сонымен қатар, [бейресми]конференцияда белсене қатысқан үшін біз Заретта Курмангужинованы марапаттадық және Millenium ағылшын тіл мектебінде оқуға 100%-дық жеңілдік беретін сертификат сыйладық.

Іс-шараны 45 серіктестер мен демеушілер қолдады.

Ұйымдастырушы:

Қазақстан жастар ақпарат қызметі,қоғамдық қор

Бас серіктестер:

Сорос-ҚазақстанҚоры,Ф. Эбертат. Қоры,ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисі

Со-ұйымдастырушылар:

Эко Мангыстау,Ұлттық волонтерлік желесі.

Негізгі әріптестер - өткізу орны:

«Сәлем» әлеуметтік қалашағыMultiSpace Астана коворкингіМаңғыстау туризм колледжі

Шымкентте бизнес-сессиясының әріптесі:

Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы

Серіктестер:

«Кар-Тел» компанисы Beeline брендімен, «RG Brands» компаниясы Pepsi, Пиала Ice Tea жәнеПиала Gold брендімен, «Lamoda» онлайн дүкені, «Мега Шымкент» сауда орталығы,Multimediaservis«Sun Cremo» кофеханасы, «Bukvodel» жарнама агенттігі, «Millennium»ағылшын мектебі, «Sunny Wind» баспаханасы, «REKLAMAMANIA» жарнама агенттігі

Шымкент қ. Бас медиасеріктесі:

«TVK» Шымкент телеарнасы

Медиасеріктестер:

«Бизнес и власть» газеті және and.kz порталы, «Эксперт Казахстан» журналы, «Voxpopuli.kz»фоторепортажтар сайты, «Добрые вести» әлеуметтік порталы, Headline.kz ақпараттық жәнекөңіл жадырататын порталы, «Yvision» блог-тұғырнамасы, «LOOK magazine» жылтыр журналы, «Новый регион» газеті, «informБЮРО» ақпараттық-талдамалық порталы,«Gazeta.kz» медиа порталы, «Tumba.kz» газеті, «Радиоточка» медиа порталы, AfishaDay.kz - Астана мәдени,демалыс және ойын-сауықсаласындағы нұсқаулығы.

Серіктестер (жастар ұйымдары):

SOS Детская деревня АстанаBest for KidsЖамбыл ЖастарыЖастар салауатты өмір салты үшінҚостанай облысының балалар және жастар ұйымдарының қауымдастығыШығыс Қазақстан облысының жастар және балалар ұйымдарының қауымдастығы, Экологиялық және құқықтық бастама «Глобус» орталығы, Назарбаев Университеті Студенттік үкіметӘлеуметтік-волонтерлік орталықҚұқықтық медиа-орталық, Шығармашылық инновациялық мүмкіндіктерін қауымдастығы.

Благодарим за поддержку

Ұйымдастырушы

Название

Генеральные партнеры

Фонд Cорос-Казахстан
Название
Название

Партнеры

Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название

Соорганизаторы

Название
Название

Основные партнеры: Места проведения

Название
Название
Название

Медиа-партнеры

Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название

Молодежные организации

Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название

Главные медиа партнеры

Название